KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қауіпсіз мұз қалыңдығы қанша болуы керек?

11.12.2020, 17:30 167
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сенсек, бүгінде Шығыс Қазақстанда барлық талапқа сай келетін бір-ақ мұз өткелі бар екен. Ол – Күршім ауданына апаратын ұзындығы алты шақырымдық «Қызыл ту» өткелі.

Ал Алтай, Бесқарағай, Күршім және Ұлан аудандарындағы өзге өткелдердің ешқайсысы қауіпсіздік талаптарына сай келмейді.

Жалпы, жаяу адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмауы тиіс екен. Мұны мамандар айтады. Ал автокөліктердің жүруі үшін мұздың 30 сантиметрден жұқа болмауы шарт.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов хабарлағандай, қазір Зайсан көлінде осыдан бірер күн бұрын жоғалып кеткен екі балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, мамандар балықшыларда міндетті түрде ысқырық, құтқару шильцтері мен құтқару кеудешесі, жалпақтығы кемінде 11 миллиметр, ал ұзындығы 12 метрді құрайтын жіп, екі метрлік таяқ пен су өткізбейтін пакетке салынған ұялы телефон сияқты жеке құтқару құралдары болуы қажет екенін ескертеді.

– Мұз бетінде жүріп-тұрудың ережелерін қатаң сақтаған жөн. Тәуліктің қараңғы мезгілінде және тұман мен боран кезінде мұзға шығуға болмайды. Сондай-ақ мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға, мұздағы ойықтарға жақындауға және автомобильдермен өткелден тыс жерлерге шығуға да қатаң тыйым салынады. Өкінішке қарай, бұл бағытта жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан, облыста жазатайым оқиғалардың саны азаймай тұр, – дейді Д.Титов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу