Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Облыстық ТЖД мамандары мұз өткеліндегі қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, қауіпсіздіктің негізгі шарты мұз қалыңдығының жүктемеге сәйкестігі екен. Яғни, жеңіл автокөліктермен өту үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 сантиметр, ал жүк көліктері үшін ең азы 50 сантиметрді құрауы керек.
Мұз критерийлеріне келсек, оларды төмендегідей ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады:
Берік мұз:
- жасыл немесе көкшіл реңкі бар мөлдір мұз;
- ашық, қарсыз кеңістікте мұз әрқашан қалың болады.
Жұқа мұз: - түсі сүт тәрізді, лай, сұр мұз, әдетте кеуекті, мұндай мұз ескертусіз жарылып кетеді;
- ағынды жерлерде мұз жұқа болады, әсіресе жылдам, терең және желге ашық учаскелерде, батпақты жағалауларда; тар арналарда;
- қамыс және басқа да су өсімдіктері өсетін жерлерде.
Жарылған мұз қаншалықты қалың болса да оған шығуға болмайды. Тұзды суы бар теңіздер мен көлдердегі мұздың беріктігі тұщы су объектілеріне қарағанда әлдеқайда аз екенін атап өткен жөн. Сондықтан теңіздер (тұзды көлдер) мұзының жүк көтергіштігі бірдей қалыңдықтар үшін шамамен 25-30% төмендеуі керек. Көктемде, сең жүре бастаған кезде, сондай-ақ күзде мұндай жерлердегі мұздар берік болмайды. Сол себепті, аталмыш аймақтарда көлікпен мұз өткелінен өтуге болмайды.
Алдымен өткелдің орнын, мұздың қалыңдығы мен беріктігін, жағалаулардың тік болуын және жағалаудағы мұздың күйін анықтау керек. Мұндайда мұздың өзі ғана емес, қарлы жағаға шығу мәселесі де маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Нұржан Кенжеұлы