KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Шығысқазақстандық ғалымдардың технологиясына назар аудару ұсынылды

11.12.2023, 17:17 145 Айна Ескенқызы

Бүгін Өскеменде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен парламенттік комиссияның көшпелі отырысы өтті.

 

Шарада "Ауаның ластануы - экологиялық қауіпсіздікке төнген қатер" тақырыбында қалалар мен елді мекендердің қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Шығыс Қазақстан облысы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретін қуатты ғылыми-зерттеу базасына ие. Мысалы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының жетекшісі А.С. Чурсин ұсынған "Термококс-КС" көмір өңдеу технологиясы - көмірді пайдаланудағы революция. Әлемдік тәжірибеде технологиялық циклдің өзінде зиянды заттардың төмен шығарылуын қамтамасыз ететін аналогтар жоқ. Табиғи отын түрлерінен жылу өндірудің белгілі әдістерінің ешқайсысы шағын және орта энергетика саласында осы технологиямен бәсекелесе алмайды. Мен осы технологияның резонанс тудыратынына сенімдімін және практикалық іске асырылатынына сенгім келеді, - деді «Халық денсаулығы мен экологияны қорғауға жәрдемдесудің «Экокелісім» Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастығы» ЗТБ президенті Татьяна Чернышова.

 

Егер ауаның ластануына жеке секторлардағы үйлердің қатты отын қалдықтары да кері әсерін тигізетінін ескерсек, шығысқазақстандық ғалымдардың технологиясы назар аударуға тұрарлық.

 

Тұрақты дамудың стратегиялық мәселелерін шешу үшін нақты іс-қимыл алгоритмі қажет деп есептейді кездесуге қатысушылар. Іс-шара барысында олар бірқатар проблемалық тақырыптарды көтерді, оның ішінде атмосфералық ауаның ластануының экологиялық жағдайға және халықтың денсаулығына әсері туралы да айтылды.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив