KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
527.23 544.05 5.05

Өскеменде парламенттік комиссияның экологияға арналған көшпелі отырысы басталды

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
11.12.2023, 11:30 242

Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның көшпелі отырысының тақырыбы – «Ауаның ластануы - экологиялық қауіпсіздікке төнген қатер».

 

Отырысқа Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ШҚО әкімі Ермек Көшербаев, денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев, кәсіпорын өкілдері, экологтар қатысуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– Комиссия ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Мемлекет басшысы экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып қалуда. Өскеменде жылдар бойы атмосфералық ауаның ластануы күрделі жағдай болып келеді. 2022 жылы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кетуінің 40-тан астам жағдайы тіркелді. Мұның себептері – дәстүрлі жылу көздері, автомобильдерден шығатын газдар, өнеркәсіп орындарының жұмысы және басқалар. Өңірде 1 және 2-сыныпқа жататын 20-дан астам кәсіпорын бар. Бүгін біз мамандармен осы мәселелерді талқылаймыз, – деді Мәулен Әшімбаев.


 

Сенат спикері Парламент жаңа Экологиялық кодексті қабылдағанын, Мемлекет басшысы Көміртекті бейтараптық стратегиясына қол қойғанын еске салды. Республикада "жасыл экономикаға" көшу өзекті болып отыр.

 

Отырыс шеңберінде белгіленген мәселелердің өткірлігін азайтуға мүмкіндік беретін ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу