KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Экология мәселесі табиғат қорғау прокуратурасының ерекше бақылауына алынған – ШҚО

Фото: ogbu.green.tsu.ru

12.12.2023, 13:20 136 ALTAINEWS

ШҚО-да 2020-2023 жылдары атмосфералық ауаға келтірілген залал үшін 120 млн теңге өндіріліп, 20-дан астам табиғат пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ақпараты бойынша, атмосфералық ауаның жай-күйі табиғат қорғау прокуратурасының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.           

 

Бүгінде «Казгидромет» РММ филиалының бақылау бекеттерінің мониторинг желісі арттырылған. Бұл ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді.

 

Мамандандырылған прокуратураның ұсынысымен елді мекендерде жасыл желектерді компенсациялық отырғызу көлемі 5-тен 10 ағашқа дейін ұлғайтылды.

 

2020-2023 жылдар аралығында мыңнан астам заңсыз полигондар анықталып, олардың кейбірі табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысымен жойылды. Сондай-ақ, экология басқармасы жергілікті атқарушы органдардың 10-нан астам жауапты қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

 

Экологиялық заңнама талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін полигондардың жағдайы әлі де басты мәселе болып қалып отыр.

 

Қазіргі кезде ауылдық қоқыс үйінділері мен полигондардың 90%-ы заң талаптарына мүлде сәйкес келмейді, ал қалғандары бойынша жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды сақтау үшін жер телімдерін берумен шектелді. Бұл мәселелердің барлығы қала, аудан әкімдіктерінің, сондай-ақ облыс әкімдігінің назарына жеткізіліп, прокуратураның бақылауына алынған. 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив