KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
480.11 532.25 5.14

Катонқарағайдың спортшы жастары халықаралық турнирлерде олжа салып жүр

Фото: sport-pulse.kz

14.12.2023, 16:00 183

Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазір 620 бала тәлім алып жатыр. Олардың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Аудандық, облыстық жарыстарды айтпағанда, республикалық додаларда олжа салып, топ жарып жүрген өрендер де бар.

 

Жас буынды спортқа баулып, салауатты өмір салтына үйретумен 25 жаттықтырушы айналысады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Мұнда спорттың сегіз түрінен секциялар жұмыс істейді. Атап айтқанда, қол күресі, бокс, волейбол, еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, шаңғымен жүгіру және футбол. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып жатқан мекемеде болып, жаттықтырушылармен тілдесті.

 

Мамандардың айтуынша, катонқарағайлық жастардың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, биыл осы мектептің шәкірттері Ә.Дәулетханов пен Ж.Қалымбек Өскеменде өткен халықаралық бокс турнирінде жүлделі үшінші орынды иеленген. Ал Шемонаихада өткен республикалық еркін күрес турнирінде С.Ушпаев бірінші орынды еншілеген. Сол сияқты ауданның волейболшы қыздары республикалық жарыста күміс медаль игері атанған. Аталған спорт мектебінің бұдан басқа да жетістіктері жетерлік.

 

Облыс әкімі осынау жеңісті жолды ары қарай жалғастырып, аудан, облыс және республиканың атын әйгілейтін талантты жастарды тәрбиелеуге күш салу керектігін айтты. Ол үшін мемлекеттен барлық жағдай жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив