KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО полицейлері мектеп-интернатқа жаңа жылдық тарту жасады

22.12.2023, 20:02 149

Жаңа жыл қарсаңында ШҚО ПД полицейлері Крупская атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне мерекенің басты белгісі – тамаша шыршаны сыйға тартты.

 

Жаңа жыл шыршасын полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков балалармен бірге безендірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Дәстүрге айналған Жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу сәті балалардың көңілінен  шықты.

 

-Дәстүр бойынша өз қамқорлығымыздағы балалардың  әр түрлі іс-шараларына барамыз. Әр бала мерекені  сезінуі керек, әсіресе жаңа жыл қарсаңында, - деп атап өтті ПД басшысы.

 

Іс-шара соңында Ерлан Омарбеков балаларды келе жатқан Ұлу жылымен құттықтап, оларға сәттілік, қуаныш және армандарының орындалуын тіледі.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив