KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО ПД бастығы Самар ауданының полиция бөліміне барды

17.08.2023, 21:17 281 ALTAINEWS

ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Самар ауданына барып, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.

Бірінші кезекте, облыстың бас полицейі аумақтық бөлімшенің жаңа басшысы-полиция полковнигі Нұржан Түгеловті таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу барысында Ерлан Омарбеков жеке құрамға ҚР Президенті мен ішкі істер министрінің негізгі талаптары мен тапсырмаларын, сондай-ақ қылмыстардың барлық түрлерінің, әсіресе кісі өлтірудің, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, мас күйіндегі қылмыстардың, есірткі таратудың, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың, жол тәртібін сақтаудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды жеткізді. Бұл жұмыстардың барлығы азаматтардың құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Баянды Кәкенұлы Кужахметов құттықтау сөз сөйлеп, баршаға қиын қызметте денсаулық пен сәттілік тіледі, сондай-ақ Самар ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Садықұлы Әлібаев та өз тілегін білдірді. Ерлан Омарбеков өз кезегінде оларға алғыс хаттар табыс етті.

Кездесу соңында ПД бастығы полицейлер арасында тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына назар аударды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив