KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Ұлттық ұлан енді әскери көлік жүргізушілерін өздері дайындайды

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

22.12.2023, 22:00 174 Мадина Амангелдіқызы

Ұлттық ұланның  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім жауынгерлері әскери құрылымдарға тиесілі техникаларды және  «D1»  санатындағы көлік  құралдарын  жүргізу куәлігіне қол жеткізді.

 

Әскери қызметшілерді арнайы санаттағы көлік құралдарын жүргізуге даярлау -  Өскемен қаласындағы 3477  әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы орталығында іске асады.  Мұнда ұландықтар  отыз күн бойы теориялық білім алса, келесі айда тәжірибелік сабақтарға қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Көлік жүргізуде  өрістерін кеңейтіп,  біліктіліктерін жетілдірген жауынгерлерге  тиісті құжатты  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Азамат Габдуллин табыстады.

 

- Мен бұған  дейін В және С санатына жататын көліктерді ғана басқара алатынмын. Енді, міне, әскери құрылымдарға тиесілі 16 адамға арнғалған арнайы әскери техникаларды жүргізбекпін.  Алдағы уақытта D санатындағы көліктерді де тізгіндейтін жоспарым бар. Әскери салада жүріп, көлік жүргізу қабілетімді арттырғаныма  бек қуаныштымын, - дейді 3514 әскери  бөлімінің аға маманы - аға жүргізуші  қатардағы Біржан Солтанғазин.

 

Ұландықтарды арнайы санаттағы көлік құралдарын басқаруға даярлау Ішкі істер министрлігінің «механикалық көлік құралдарының  жүргізушілерін  даярлау қағидаларын бекіту»  туралы  №862  бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Еске салайық, 2022 жылы алғаш рет қолбасшылық қабырғасынан арнайы әскери техникаларды басқаруға даярлайтын заманауи оқу-материалдық база ашылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив