KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Есірткі сатушы әйел ұсталды – ШҚО

Фото: kaluganews.com

25.09.2023, 16:22 5 385 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында  есірткі сатушыны қолға түсірді.

33 жастағы әйел адамды тексеру барысында ұнтақ пен түйіршік түріндегі зат салынған 26 орама тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 16,867 грамм «альфа-пвп» психотроптық заты және салмағы 3,44 грамм «мефедрон» екені анықталған.

- Ұсталған әйел адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігімен - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - дейді ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив