KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Еліміздің шайбалы хоккейден жастар құрамасының құрамында ШҚУ студенті ойнайды

25.01.2024, 14:31 359

Еліміздің шайбалы хоккейден жастар құрамасының құрамында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың  Жоғары педагогика мектебінің "дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Артем Шестаков ойнайды.

 

Хоккейші өз командасының шайбалы хоккейден Әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Қазір ойын маусымы қызу жүріп жатыр. Өзінің тығыз кестесіне қарамастан, Артем туыстарын, достарын көріп, сессияны тапсыру үшін жуықта Өскеменге  келіп кетті.

 

Жоғары педагогика мектебінің деканы Гүлнар Күленованың айтуынша, Артем емтихандарды сәтті тапсырып, бірден кезекті жарыстарға Уфа қаласына ұшып кетті. Сонымен қатар, ол оқуына тыңғылықты,ең тәртіпті студенттердің бірі.

 

Артем Шестаков, Қазақстанның жақсы нәтиже көрсетіп жүрген  көптеген хоккейшілері сияқты, өзінің спорттық мансабын Өскеменнің «Торпедосында» бастады. Содан кейін ол 16 жасында Астанаға көшіп, Барыс-2004 командасында ойнады.

 

Артем Шестаковтың айтуынша, бұл чемпионаттағы жеңіс оларға өте қажет болды, сондықтан олар соңына дейін шайқасты. Нәтижесінде жастық максимализм мен жеңіске деген ерік-жігер өз жемісін берді.

 

- Ең қиын ойынды атап өту қиын, олардың бәрі оңай болған жоқ, - деп еске алады ол. –Біз тек соңғы ойында ұтылдық, бірақ ұпай бойынша 1 орында қалдық. Ал біздің Әнұранымызбен болған оқиғаға келетін болсақ, ұйымдастырушылар Қазақстан Әнұранының түсініксіз ремиксін қойды, бізге бұл ұнамады және сосын біз өзіміз Әнұранды музыкасыз шырқадық.

 

Артем Шестаковтың пікірінше, белсенді кәсіби спорттық іс-шаралар мен оқуды біріктіру оңай емес, бірақ мүмкін. Спортшыларға мұғалімдер көмектеседі, қашықтықтан тапсырмалар береді, олар бәрін уақытында орындайды.

 

- Қиын деп айта алмаймын, алайда оңай емес сәттер болады. Егер ниет болса, барлығын да бір мезгілде алып жүруге болады, - дейді чемпион.

 

Қазіргі уақытта Артем Шестаков өз командасымен қарқынды  дайындық үстінде, жақын арада жерлестерін жаңа жеңістермен қуанту үшін аралық матчтарда ойнап жүр.

 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Венгрияда өткен Әлем чемпионатында шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (20 жасқа дейін) жарқын жеңісімен жарқ етті. Бұл чемпионат қазақстандық хоккейшілердің ұлттық Әнұранды әуенсіз орындауымен де есте қалды. Содан кейін олар Дания командасын 3-2 есебімен жеңді.

 

Ойыннан кейін Әлем чемпионатын  ұйымдастырушылар Қазақстанның Әнұранын қосуы керек еді, бірақ қандай да бір себептермен олар мұны жасамады. Бірақ жас спортшыларымыз  еш әбіржіместен Әнұранды өздері шырқап берді. Қазақстан командасы осы турнирде бірінші орын алды. Осы жеңістің арқасында біздің жігіттер элиталық дивизионға түсті. Онда олар әлемдегі ең мықты командалармен ойнайды.

Фото: С.Аманжолов атындағы ШҚУ 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив