ШҚО-да шағын авиацияны дамыту жұмыстары жалғасады

Фото: Ермек Имангазинов
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңеске Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо» авиакомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында тараптар шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Көлік министрі Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайларды салу және реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Айжанат Бақытқызы