KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Зайсан және Катонқарағайда әуежай салынбақ

Фото: meets.com

19.12.2023, 17:00 153 Анель Слямғазықызы

Елімізде үш жаңа жүк авиатасымалдаушы құрылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Ұшу тұрақтылығын және авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін отандық компаниялардың ұшақтар паркі толықтырылып жатыр. Осы жылы қазақстандық авиакомпаниялар 10 әуе кемесін сатып алды. Нәтижесінде олардағы орындықтардың саны 26 пайызға өсіп, 15 мың 200 болды. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін қазіргі қол қойылған шарттарға сәйкес әуе паркі 25 бірлікпен толықтырылып, 124 ұшақты құрайтын болады. Ондағы орындар саны 32 пайызға артады. Борттар санының артуы авиабилеттер құнының және авиарейстердің кешігу деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін болады. Оған қоса, жүк тасымалы сегментін дамыту мақсатында үш жаңа жүк авиатасымалдаушы құрылу сатысында, - деді Марат Қарабаев.

Аз қуатты әуежайлар және аталған әуежайларға ұшатын рейстер мемлекет тарапынан субсидияланып жатыр екен.

- Алдағы 2-3 жылға арналған жоспарда Зайсан және Катонқарағай әуежайларын салу мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қоса Қарқаралы, Ұлытау, Балқаш және Үржар әуежайларын жаңғырту жүзеге асырылуда, - деді ол. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу