Абай – 18, Жетісу – 19, Ұлытау – 20: Жаңа облыстар көлік таңбаларын алды
Ішкі істер министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңадан тіркелетін көліктер үшін цифрлық таңбалау тәртібі айқындады.
Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
«Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.