KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Зайсан ауданында рапс өңдейтін фабрика салынуы мүмкін

9.02.2024, 19:46 187 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан ауданында рапс өңдейтін фабрика салу жөнінде мәселе қаралды. 

Облыстық әкімдікте салалық басқарма басшылары мен қала-аудан әкімдерінің қатысуымен өткен жиында ШҚО-да жүзеге асырылатын серпінді жобалар талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының айтуынша, ауданда екі ірі жоба жүзеге асырылмақ: әуежай мен ГЭС. Гидроэлектростанцияның салынуы 12 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Ал бұл ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз. Аудан әкімдігі егін шаруашылығында рапс өсіруге ден қойып, оны Қытайға экспорттауды көздеп отыр екен.  

– Сіздер рапс өңдейтін шағын фабрика немесе орталық салу туралы ойландыңыздар ма? Бұл осы өңірде ауыл шаруашылығымен айналысатындардың барлығы сұранысқа ие дақылды өндіре бастауы үшін қажет, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. 

Аймақ басшысы Шемонаиха ауданын мысал ретінде келтірді. Бұл аудандағы май зауытына 200-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі шикізат жеткізіп отырады. 

Ермек Көшербаев аудан әкімдіктеріне әр өңірдің өзіне тән және келешегі бар бағыттарды дамыту қажет екенін алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу