Зайсанда сүт зауыты салына ма?
Фото: Шығыс ақпарат
Зайсан ауданында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт салынуы мүмкін.
Бұл туралы аймақ басшысы ауданға іссапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Осыдан он жылдай бұрын осы аймақта тауарлы-сүт фермаларын салу жоспарланған екен. Алайда белгісіз себептермен ол жұмыстар қолға алынбаған. Алдағы уақытта осы жоспарды қайта жандандырамыз. Бұл – біздің бәрімізге өте керекті дүние. Бұны қолға алуға болады, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар жиынға ауыл шаруашылығы басқармасынан Рамиль Сағындықов қатысты. Оның айтуынша, ауданда шаруа қожалығын ашып, дамытқысы келетін азаматтарға міндетті түрде көмек көрсетіледі.
Оқи отырыңыз