KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың екі бөлімшесі жөнделеді

21.02.2024, 15:03 166 Ләззат Қанатқызы

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың гинекология және урология бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүрізілмек.

Аталған медициналық мекемені халық «№1 қалалық аурухана» деп атап кеткен. Жыл сайын мыңдаған адамның өмірі құтқарылатын орталыққа қазір жол апатынан, түрлі жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жандар жеткізіліп, шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың ғимараты 1982 жылы салынған. Бүгінде мұнда 11 клиникалық бөлім жұмыс істеп тұр.  Атап айтқанда, жеті хирургиялық блок, төрт терапевтік бөлім мен рентген кабинеті, зертханалар және т.б.

Медициналық орталықтағы гинекология бөлімшесінің пациенттерінің бірі - Анастасия Зайцева. Қаңтар айынан бастап ем алып жүрген ол ақ халаттылардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.

-           Мұндағы қызметкерлердің бәрі мейірімді, өз жұмыстарын жақсы біледі. Еш науқастың сұраған жауапсыз қалдырмайды. Бұл ғимарттың жылдар бойы жөндеу көрмегенін де жақсы білеміз. Жақында әлеуметтік желіде жөндеу жүргізілетіні туралы оқыдым. Бұл біз үшін өте қуанышты жаңалық болды, - дейді Анастасия Зайцева.

Гинекология бөлімінде 30 орын қарастырылған. Әр науқастың диагнозына қарай тамақтану кестесі құрылады.

Мұнда ай сайын 300-ге жуық науқас ем қабылдайтын көрінеді. Жоғары технологиялық оталар да жасалып жүр.

-           Медицина қызметкерлердің басты міндеті – науқастарға шұғыл көмек көрсету. Осыған дейін тұрғындар ескірген ғимаратқа жиі шағымданатын. Ол өте орынды. Су және жылумен жабдықтау желілерінің өзі 42 жылдан бері жөнделмеген. Осыдан-ақ ғимарат күрделі жөндеуді қажет ететінін аңғаруға болады, - дейді гинекология бөлімінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы орталықтың жоғарғы қабаты, шатыры мен операциялық бөлмесі жөнделген. Гинекологиялық, урологиялық бөлімшелерді жөндеуге және аурухананың желдету жүйесін орнатуға жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бұл жұмыстар биылға жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу