ШҚО тұрғындары бас дәрігермен тікелей WhatsApp арқылы сөйлеседі:
Шығысқазақстандықтар тікелей бас дәрігермен WhatsApp арқылы байланысқа шыға алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық мамандандырылған медициналық орталық (бұрынғы бірінші қалалық аурухана) пациенттердің тікелей бас дәрігерге сұрақтар қойып, өтініш айтуына мүмкіндік беріп отыр. Орталықтың мамандары медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында осындай қадамға барған көрінеді.
Енді аймақ тұрғындары пікірлерін, ұсыныстары мен өтініштерін 8-705-502-69-90 WhatsApp нөміріне жұмыс күндері 8.00-ден 16.30-ға дейін жолдай алады. Орталықтың бас дәрігері Старокожев Юрий Александрович барлық сауалдарға жауап беруге дайын.