KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

ШҚО прокурорлары заңсыз жекешелендірілген пәтерлерді мемлекетке қайтарды

pexels.com

21.03.2024, 15:00 106 Назерке Каримова

Алтай ауданында жалпы құны 19 млн теңгенің 5 пәтері заңсыз берілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алтай ауданының прокуратурасы Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.

- Тексеріс нәтижесінде тұрғын үйі бар және мемлекеттік тұрғын үй алу үшін заңда көзделген мерзімдері келмеген тұлғалардың тұрғын үй қорынан пәтерді заңсыз жекешелендіру фактілері анықталған, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - Осылайша, бағалау құны 19 млн теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз жекешелендірген Алтай қаласының 5 тұрғыны анықталды.


Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық тұрғын үйлер мемлекет меншігіне қайтарылды, ТКШ бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет меншігіне қайтарылған пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу