Тегін тұрғын үй кезегіне заңсыз тұрып алғандар анықталды
gov.kz
Баспанаға мұқтаж 33 мың адамның арасында бес жүзге жуық алаяқ та жүр.
Қарағанды облысы прокуратурасы осы және бірнеше заңбұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Қарағанды облысы прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген кезде 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілгенін анықтады. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.
Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды. Сондай-ақ, 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген.
Ақтоғай ауданында мұқтаж жандарға арнап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 4 тұрғын үй сатып алынған.