Ұлан ауданында арулар байқауы өтті
Қасым Қайсенов кентінде "Ұлан аруы-2024" байқауы өткізілді.
Оған әр ауылдық округ атынан 16-25 жас аралығында барлығы он бір бұрымды қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Байқаудың басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттау болды. Байқау барысында үміткерлердің сыртқы сұлулығы ғана емес, ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен мәдениеті, жеке өнерін көрсете алу жарыстың негізгі шартына айналды. Байқау қортындысы бойынша бас жүлде Каменка ауылының тумасы Күншуақ Қуанышқа бұйырды.
1-орын Гаухар Медет (Бозанбай а/о), 2-орын Гүлиза Бидақынға (Алмасай а/о), 3-орын Жазира Баймолдиноваға (Алмасай а/о) бұйырды.
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.