KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шемонаихада 125 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген

сурет редакция архивінен

4.04.2024, 10:57 169 Нұржан Кенжеұлы

Шемонаиха ауданының шағын және орта кәсіпкерлік секторы өткен жылы тұрақты жұмыс істеп, межелі міндеттерді ойдағыдай орындады. Сол сияқты былтыр ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық салалары үшін де жемісті болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Данияр Уахитов жыл қорытындысы бойынша 125 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілгенін мәлім етті. Оның ішінде тау-кен секторында 91 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, өңдеу саласының көрсеткіштері 30 миллиард теңгеге жеткен. Сол сияқты, ауыл шаруашылығы саласы жалпы өнімінің көлемі 52 миллиард теңге болды. Аудан экономикасына 36 миллиард теңгеден астам қаражат құйылған.

Тұрақты жұмыс орындарына 500-ден астам тұрғын орналастырылып, жұмыспен қамту деңгейі 88 пайызға жеткен. Аудан бюджеті салық түсімдері бойынша 103 пайызға орындалып, қазынаға 4,8 миллиард теңге кіріс түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 122 пайызға артық.

– Аудандағы ірі жобаларға «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев кенішінің екінші кезегін салу жөніндегі негізгі жұмыстардың аяқталуын, «EASTFARM» ЖШС суару және «Рулиха» ЖШС тауарлы-сүт фермасын кеңейту жөніндегі жобаларының іске асырылуын қосуға болады. Тағы бір ауқымды жоба деп Шемонаиха қаласында басталған жаңа мектептің құрылысын айтар едім. Жалпы, 2024 жылды жақсы қарқынмен бастадық. Есепті кезеңде экономиканы дамытуға 3,3 миллиард теңге бағытталды, – деп мәлім етті аудан әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 16,8 миллиард теңге (өсім 112,0 пайыз) болса, ауылшаруашылық секторында 2 миллиард (111 пайыз) теңгенің өнімі өндірілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу