Самар ауданында жағдай тұрақты
instagram/samar_news16
ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов және ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев бастаған жұмыс тобы Самар ауданында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Арнайы келген жұмыс тобы аудан әкімі Нұрлан Махамбетовпен бірге аудандағы жағдайды әуеден бақылап қайтты.
Самар ауылындағы Лайлы су қоймасы мен Қараөткел ауылында болып, жағдаймен танысты. Қараөткел ауылына байланысты жергілікті атқарушы органдар, ТЖД мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Аудан бойынша жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда.
ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Кәкенқажыұлы Самар ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, аудан басшысына тиісті тапсырмалар берді.