ШҚО-да су басу қаупі жоқ (Видео)
ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев бастаған жұмыс тобы өңірге қарасты Күршім,Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын аудандарындағы жағдайды әуеден бақылап қайтты. Аймақта су басу қаупі жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Әуеден барлау барысында жағдай тұрақты екені байқалды. Қара Ертіс өзенінде мұздың жарылуына байланысты, су өз ағысымен кетуде. Үлкен Нарын ауылына байланысты жергілікті атқарушы органдармен,ТЖД мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Облыс бойынша жағдай күнделікті бақылауда. Қауіп бар деген жерлерде кезекшілік қойылған. Олар тәулік бойы қадағалап отыр, - деді Бақытжан Байахметов Үлкен Нарын ауылына келген сапарында.
ШҚО әкімінің орынбасары Үлкен Нарын ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, аудан басшылығына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Оқи отырыңыз
ШҚО-ның су тасқыны қаупі бар үш ауданында әуеден бақылау жүргізілудеҮлкен Нарын, Марқакөл аудандарын құру туралы ұсыныс Үкіметке жолданадыКатонқарағай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен 10 тұрғын үй салынадыҮлкен Нарын ауданына басшы тағайындалдыЖағдай бақылауда, халыққа қауіп жоқ – ШҚО әкімі