ШҚО-ның су тасқыны қаупі бар үш ауданында әуеден бақылау жүргізілуде
ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов бастаған арнайы жұмыс тобы Күршім, Ұлан және Марқакөл аудандарындағы бөгеттер мен өзендерге әуеден бақылау жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлан ауданының кіші бөгеттерінде артық су ағызылып жатыр, сондықтан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Мамандар бөгеттерге тексеру жүргізіп жатыр. Қазір елді мекендерге тасқын судың қаупі төніп тұрған жоқ.
Қалың тұман Самар ауданындағы аумақтарды әуеден шолуға кедергі келтіріп тұр.
Сондай-ақ Марқакөл ауданының Жиделі ауылындағы жолға су жайылғаны белгілі болды. Мұнда құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің күшімен су басқан учаскелер тексеріліп жатыр.
Фото: ШҚО ТЖД