KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
459.75 494.14 5.54

ШҚО-да су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

ШҚО ТЖД

6.04.2024, 14:00 127 Назерке Каримова

Облыс бойынша қардың көлемі 60%-дан асады.

Өңірдегі қар жылдам еріп жатыр, судың деңгейі көтерілу қаупі бар, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

- Өңірдегі су қоймаларына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Құтқарушылар су тасқыны қауіп төндіріп тұрған аудандарда рейд жүргізіп, тұрғындарына тасқын кезіндегі әрекет ережелерін түсіндіруде.


Алтай ауданында алдын алу жұмыстары жалғасуда, бұнда көмекке ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілген.

Облыста тасқын бола қалған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының 2270 адамы, 732 техника, сондай-ақ 61 жүзу құралдары мен 234 мотопомпа дайын тұр. Жергілікті атқарушы органдар153 мыңнан астам адам сиятын 17 уақытша орналастыру пунктін дайындады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив