KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде

5.04.2024, 20:45 157

ШҚО-да су айдындарында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша қар жамылғысының көлемі 65 % құрайды. Өңірде дауылды ескерту жалғасуда, қардың белсенді еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі және  еріген беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құтқарушылар үйлерді аралап су тасқыны туындаған жағдайда  орындалуы қажет ережелер мен нұсқауларды түсіндіріп жатыр.

Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан көмекке келген  ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.

-              Су басу қаупі туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құрылымдарының күштері  мен құралдарының 2270 адамы, 732 бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 234 мотопомпалар жұмылдырылады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 орналастыру пунктері бекітілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу