ШҚО-да су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде
ШҚО ТЖД
Су тасқыны кезеңіне даярлық шеңберінде қазіргі таңда 200 мың текше метрден астам қар шығарылды.
ШҚО ТЖД қазіргі уақытта жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жағдай қиындаған жағдайда ЖАО мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күші мен құралдарының 2400 астам адамнан тұратын тобы, 740 жуық бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 230 жуық мотопомпалар әзір.
Су тасқыны салдарын жою және халықты эвакуациялау үшін ШҚО ТЖД-да 26 бірлік жол талғамайтын техника бар. Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын халықты уақытша орналастыру пунктілерін дайындады.