KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Туберкулез: ШҚО-да 294 науқас әлеуметтік төлем алды

фото: el.kz

22.04.2024, 13:09 185 Айна Ескенқызы

Туберкулезбен ауыратын науқастарға емнің амбулаториялық кезеңінде облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2024 жылғы үш айдың қорытындысы бойынша 294 пациент әлеуметтік көмекпен қамтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 2024 жылы үш айдың қорытындысы бойынша  294 пациент әлеуметтік көмекпен қамтылды, бұл  - амбулаториялық ем алатын 305 науқастың 96,3 пайызы. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде амбулаториялық емдегі  барлық 324 пациенттің 45,3% ғана (147 науқас) әлеуметтік көмек алған болатын.  Жергілікті бюджеттен 17 691,6 мың теңге бөлінді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 71,5% - ға артық (10 315,1 мың теңге). Облыс бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігі 5,4 пайызды құрады (3 ай. 2023 жылдың үш айында 2,3% болған). Облыс бойынша әлеуметтік төлемдер науқастарға  ай сайын  төленеді, – деді Шығыс Қазақстан туберкулезге қарсы диспансерінің баспасөз қызметінде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу