ШҚО-да 42 500 теңгені 280 мың адам алды
![](/kz/uploads/posts/iblock/cbe/cbea4a9dcf29b575cfc21a490532c36f.jpg)
Төтенше жағдай кезінде берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді ШҚО-н*да 280 мың адам алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл төлем төтенше жағдай енгізілгенде халыққа көрсетілген әлеуметтік көмек болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, мемлкет басшысы мен «Nur Otan» партиясы бастаған «Біз біргеміз!» акциясының бірінші кезеңінде облыстың 29 мың тұрғынына жалпы сомасы 1,5 миллиардты құрайтын көмек берілген екен. Сәуір айында 77 мың адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестіру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінген.
- 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін берілген өтінімдер бойынша жұмыс ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі таңда бұл көмек 280 мың шығысқазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 281 мың адамға төлем беріліп те қойды. Әлеуметтік төлемді алуға өтінімді e-gov.kz, 42500.enbek.kz, telegram-bot: VKO42500Bot сервистері арқылы беруге болады, - дейді Жасұлан Сәрсебаев.