KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

«Қызыл ту» өткелінде бір паром ғана жүріп тұр

Фото: Жәнібек Серік

23.04.2024, 09:33 193 Айжанат Бақытқызы

Бүгін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелінде екінші паромның сынуына пайланысты тек бір паром ғана жүріп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындардан түсініктік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ, салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив