KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Көпір салына ма, салынбай ма? Күршімнің паромы қайта-қайта сынып тұр

11.08.2020, 05:12 234

Өткен жұмада үлкен паром тағы істен шықты. Қазір «Қызыл Ту» өткелінде екі паром ғана жұмыс істеп тұр – «Одесса» және «Күршім», деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ертіс» атты екінші  ірі паром өткен жылдан бері қозғалтқышы істен шығып, жөндеуде жатыр. Ал сол өткен жұмада, 8 тамыз күні, «Күршім» бір кезек жүргеннен кейін агрегаттарының бірі сынып, тоқтап қалды.

– Мұндай техникаға бөлшек табу қиын. Өйткені бұл өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарына тиесілі «жәдігер». Бірақ біз паромды кешке дейін әупіріммен жөндеп шықтық. Осы уақыт аралығында жағалауда көліктер қаптап кетті. Әсіресе Самар жағынан келгендер көп. Жұмысшылар түні бойы тыным таппады. Таңға жуық барлығын тасымалдап біттік, – дейді «Қалқымалы өткел» ЖШС-ның басшысы Айдар Мамиев.

Қазір екі паром қалыпты жүріп тұр. Сондай-ақ осы аптада «Ертіс» жөнделіп, айдынға шығатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу