Күршімде Құрмат Рахимов атындағы кадет сыныбы ашылды
ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды. Оған биыл жүз жасқа толып отырған Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Құрмат Рахимовтың есімі берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Мерейтой иесінің туған жері Күршім ауылының орта мектебінде 15 оқушы ант қабылдап, кадет атанды. Өскеменде тұратын Құрмат ақсақал жасына байланысты іс-шараға бара алмады, сондықтан полицейлер тікелей трансляция ұйымдастырды. Ардагердің қасында ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов, ШҚО ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев болды.
Ақсақал ақ батасын беріп, оқушыларға сәттілік пен табандылық тіледі.
Фото: Polisia.kz