KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,9 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Сарытерек пен Дайыр ауылдары қиылысындағы жолды айналып өту керек

Зайсан аудандық ПБ

27.04.2024, 19:00 75 Назерке Каримова

Омбы-Майқапшағай, Боран-Қалжыр бағытындағы автокөлік жолдарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осыған байланысты Сарытерек пен Дайыр ауылдары қиылысындағы бұрылыстарға уақытша айналма жол белгілері қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Омбы-Майқапшағай, Боран-Қалжыр бағытындағы автокөлік жолдарында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті Зайсан АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техника инспекциясының ұйғарымына сәйкес, жол апатын болдырмау мақсатында Сарытерек ауылы мен Дайыр ауылының қиылысындағы бұрылыстарға уақытша айналма жол белгілері қойылды, - деп мәлімдеді Зайсан ауданы ПБ.


Жол сақшылары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден көрсетілген жол белгілеріне назар аударып, ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив