KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Марқакөл ауданынан Зайсанға келген оқушылар қайта алмай қалған

Ермек Иманғазиев
Ермек Иманғазиев
14.04.2024, 09:00 188 Назерке Каримова

Жұма күні жауын-шашынның мол түсуі және қардың жылдам еруі салдарынан Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл республикалық автомобиль жолының 10-71 шақырымында (Қалжыр ауылының бұрылысынан Дайыр ауылының бұрылысына дейін) көлік қозғалысы тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні Марқакөл ауданының Боран ауылының бір топ өнерпаз оқушысы Зайсан ауданына келген. Қайтар кезде жолды су шайып, көлік қатынасы тоқтатылғандықтан Зайсанда қалуға мәжбүр болған.

Зайсан ауданы әкімшілігі борандық балаларға барлық жағдайды жасап, қонақ етуде.

- Кеше түстен кейін Зайсан қаласына ән айтатын балалардың дуысын жаздыруға келгенбіз. Біз жолға шыққанда сәл жел бар еді, бірақ ауы райы жақсы болатын. Тас жолды шайып кететіндей тасқын болады деп ойламадық, қауіптің беті көрінбеген еді, - дейді Боран ауылындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Абзал Қабаев. -Зайсанға келіп алғаннан кейін жол жабылғандығы туралы хабар келді.


Осылайша музыка пәнінің мұғалімі балалармен бірге Зайсан қаласында қалып қойған.

- Аудан әкімі мен білім бөлімі, Дәуленов атындағы мектеп ұжымына алғыс айтамыз. Бізге барлық жағдайды жасап отыр, жатар орын, ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Балалардың көңіл күйі жақсы, «Рахат» ойын-сауық орталығына алып келіп, сергітуге де мүмкіншілік жасап жатыр. Әр баланың ата-анасы уайымдамасы үшін фото, видео арқылы есеп беріп отырамын. Әзірге жол ашылып, ары қарай өтуге болады деген бұйрықты күтіп жатырмыз, - дейді Абзал Қабаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу