KZ
Өскемен
-26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Марқакөл-Қалжыр жолы жабылды

12.04.2024, 19:06 571 Оразай Жеңісұлы

Марқакөл ауданындағы су басқан жол учаскесінде барлық көліктердің қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жауын-шашынның мол түсуі және қардың жылдам еруі салдарынан Қалжыр мен Марқакөл ауылдары арасындағы республикалық маңызы бар автожолдың 56-57 шақырымда тасқын су жолға жайылды.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың ақпараты бойынша, топан судың Правый Усть-Қалжыр ауылына кіруін болдырмау үшін жолды жырып, суды ағызу туралы шешім қабылданды. Елді мекенде 37 үй бар, 180 адам тұрып жатыр.

Жолдың үстінен ағып жатқан қызыл судың биіктігі 15-20 см, ұзындығы 200 метрдей. Бұл учаскеде диаметрі 1-1,5 метр болатын үш су өткізу құбыры болғанына қарамастан мол су жолға жайылған. Оның үстіне екпіндете соққан жел де жағдайды қиындата түскен.

Қазір ол жерде «КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ-ның және жергілікті атқарушы органдардың 15 қызметкері мен 7 техникасы, сондай-ақ «СиньСинь» компаниясының 6 жүк көлігі жұмыс істеп жатыр. Жол төсемін ашу үшін қосымша техника тартылды.

Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл республикалық автомобиль жолының 10-71 шақырымында (Қалжыр ауылының бұрылысынан Дайыр ауылының бұрылысына дейін) көлік қозғалысы тоқтатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу