KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, С
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да аюлар ұйқысынан ояна бастады

Фото: forfun.com

29.04.2024, 17:45 118 Ержан Әбіш

ШҚО-ның Марқакөл қорығында ұйқыдан оянған қоңыр аю бейнекамераға түскен. Мамандар көктем шығысымен қоңыр аюдың да оянатын уақыты келгенін айтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қорық аумағында аюдың ұйқысы 5-6 айға созылады. Апаннан шамамен наурыздың аяғында, сәуірдің бірінші жартысында шығады.

– Ересек аюдың салмағы 500 келіге, денесінің ұзындығы екі метрге жетеді. Сонымен қатар аталықтары ұрғашыларына қарағанда екі есе үлкен болады. Табиғи жағдайда қоңыр аю шамамен 25-30 жыл өмір сүреді, – дейді қорық мамандары.

Сондай-ақ Марқакөл көлінің маңындағы өсімдіктер – аюдың негізгі қорегі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив