KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Риддер жылу электр орталығын жаңғыртуға 4,9 млрд теңге бөлінді

Фото: mastsdo.ru

30.04.2024, 11:05 85 Ержан Әбіш

Премьер-министр Олжас Бектенов Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге 4,9 млрд теңге қаражат бөлінді.

Қабылданып жатқан шаралар алдымыздағы жылыту маусымында Кентау, Риддер және Қызылорда тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Жалпы еліміз бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногор, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларындағы 10 энергоблок, 55 қазандық пен 45 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив