KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Өскеменде хоккейден «Cross ice» облыстық чемпионаты өтті

30.04.2024, 11:52 65 Ержан Әбіш

Жуырда Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Cross ice»  ашық облыстық чемпионаты өтті. Оны Риддер қаласындағы №12 орта мектеп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ЖМК ықшам ауданындағы Хоккей модулінде өткен жарысқа ШҚО мен Абай облысының аудандарынан 2007-2009 жылғы (ересек топ) және 2012-2014 жылғы оқушылар (кіші топ) қатысты.

Ересек топта Ұлан, Жарма, Глубокое, Зайсан, Бородулиха аудандарының, Өскемен, Риддер қалаларының командалары және облыстың «Шығыс» командасы өнер көрсетті. Ал кіші топта Ұлан, Жарма, Бородулиха аудандары мен Риддер қаласының, сондай-ақ «Шығыс» командалары ойнады.

– Бұл чемпионатты өткізудегі мақсатымыз – балаларды хоккей спортына тарту. Риддерде жаз маусымында істейтін мұз айдыны жоқ. Көктем шыға мұз еріп, қарашаға дейін балалар хоккей ойнаудан қол үзіп қалады. Сол себепті Өскемендегі Хоккей модулін жалға алдық, оған жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Алдағы қыркүйек айында осындай жарысты тағы да ұйымдастырсақ деп отырмыз. Осылайша балалар мұзға жиірек шығып, шеберліктерін шыңдай береді, – дейді №12 мектептің директоры, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бауыржан Дүзбенов.

Облыстық чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

Ересек топ:

  • 1 орын – «Шахтер», Жезкент кенті, Бородулиха ауданы;
  • 2 орын – «Батыр», Жарма ауданы;
  • 3 орын – «Медведи», Риддер қаласы.

Кіші топ:

  • 1 орын – «Ұлан», Ұлан ауданы;
  • 2 орын – «Шахтер», Жезкент кенті, Бородулиха ауданы;
  • 3 орын – «Медведи», Риддер қаласы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив