KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Тоғызқұмалақтан Зайсан, Күршім, Ұлан ауданының оқушылары алдан көрінді

24.04.2024, 17:00 160 Жанаргүл Мұқатай

Балалар  арасында тоғызқұмалақты дәріптеу, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру мақсатында 2024 жылғы 19 сәуірде Өскемен көпсалалы технология колледжі базасында 2-11 сынып оқушылары үшін тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарысқа Өскемен қаласының, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандарының және Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жетті:

Ұлдар арасында:

І орын – Зайсан ауданының командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

Қыздар арасында:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – Күршім ауданының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив