Риддерде жасөспірімдер ойын алаңын қиратып кеткен
ШҚО ПД
Жергілікті тұрғындар полицияға ауладағы алаңды біреулердің бұзып кеткенін хабарлаған.
Полиция құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
9 мамырда Instagram әлеуметтік желісіне риддерліктер екі жігіттің қалалық ойын алаңдарының бірін қиратып жатқаны бейнеленген видео жариялаған.
Олар өздеріне жасалған ескертуді елемей, ескі ойын алаңының орнына жақын арада жаңасы салынады деген жалған ақпаратты алға тартқан.
- Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 14 және 15 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер олардың заңды өкілдерін жауапқа тартты, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жасөспірім мен олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Оқи отырыңыз