Мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күні
pexels.com
Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылды.
Қазақстанда биыл алғаш рет мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күні тойланады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызды екенін көрсетеді.
Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.