KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 7 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Елде тағы 2 мереке пайда болды

Фото: egemen.kz

1.06.2023, 22:48 444

Енді елде «Аналар күні» және «Әкелер күні» деген қос мереке тойланбақ.

Мереке туралы қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, Аналар күні – мамыр айының екінші жексенбісінде, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа екі мерекені енгізу елдегі отбасы институтын нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеген.

  "Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар", деп жазылған министрліктің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу