ШҚО-да алғаш рет Әкелер күнін атап өтеді
Фото: ya-roditel.ru
2023 жылы Қазақстан Республикасының күнтізбесі жаңа мереке, маусымның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күнімен толықтырылды.
18 маусымда Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет Әкелер күні атап өтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл мереке отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға бағытталған.
2023 жылғы 18 маусым күні Әкелер күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, челлендждер, конкурстар, акциялар, көрмелер тәрізді түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.