Өскеменде әскери қызметкерлер арасында сұрмергендер сайысы өтті
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №3477 әскери бөлімнің оқу-жаттығу базасында оқ атудан сайыс өтті.
Жарыста Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен қалаларының әскери қызметшілері сынға түсіп, сұрмергенді анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қатысушылар 25, 100 және 300 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жарыс командалық және жеке сында өткізілді. Қатысушылар Драгунов мергендік мылтығы мен Макаров тапаншасынан оқ атты.
Екі күнге созылған сайыс тартысқа толы болды. Әділқазылар алқасының шешімімен жалпыкомандалық есепте 1-орынға Өскемен қаласының №3477 әскери бөлімі, ал 2-орынға Өскемен қаласының №5518 әскери бөлімі ие болды. Сондай-ақ жүлделі 3-орынды Курчатов қаласының №3477 әскери бөлімі місе тұтты.