KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Нәзік жандар оқ атудан сынға түсті – ШҚО

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

30.06.2023, 16:17 232 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті.

Жарысқа өңірлік қолбасшылық бөлімдерінен келген 40-қа жуық құрама команда Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан және  Драгунов снайперлік винтовкасынан оқ атып, шеберліктерін сынға салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, біріншілікте ерлермен қатар әйелдерден құралған әскери қызметкерлер де 25,100 және 300 метр қашықтыққа атудан нысанаға дәл тигізуге тырысты.

 – Бұл жарыстың негізгі мақсаты – ағымдағы жылдың тамыз айында Қарағанды қаласында өтетін Ұлттық ұлан чемпионатында бақ сынайтын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасын іріктеу, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 5512 әскери бөлімінен келген Павлодарлық құрама чемпион атанды. Ал екінші орынды өскемендік 5518 әскер бөлімінің құрамасы жеңіп алса, қола жүлде 3514 әскери бөлімінен жасақталған Курчатов құрамасына бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив