KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да ертең найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары

pexels.com

25.05.2024, 18:00 66 Назерке Каримова

26 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив