KZ
Өскемен
-25°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

Ертең ШҚО-да жел соғып, найзағай ойнайды

pixabay.com

19.05.2024, 18:00 497 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  20 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында да күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу