ШҚТУ мен Singapore Polytechnic меморандумға қол қойды
t.me/gylym_jogary_bilim
Кеше Сингапур Ұлттық Университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумы өтті.
Форум аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Singapore Polytechnic, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен Сингапур ұлттық университеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қол қойылған меморандум шеңберінде Қазақстан су ресурстарын басқару технологияларын меңгеретін болады. Қазақстандық ғалымдар «Болашақ» бағдарламасы және «500 ғалым» жобасы бойынша Наньянг технологиялық университетінің орталығында оқу мүмкіндігіне ие болды. Алған тәжірибе мен білім Қазақстандағы су ресурстарын басқару мәселелерін тиімді шешу үшін қолданылатын болады.
Сондай-ақ, форум аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Singapore Polytechnic, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен Сингапур ұлттық университеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Жалпы, бұл форум екі ел арасының қашықтығына қарамастан, жоғары білім мен ғылым саласының болашағын дамытуға ортақ көзқарасы бар жоғары оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Ғылым, білім саласында екі ел ынтымақтастығының дамуына ықпал еткен форумның ұйымдастырушыларына, сингапурлық әріптестерім Сингапур білім министрі Мұхаммед Малики Осман мен Сингапур Ұлттық Университетінің президенті профессор Тан Энг Чиеге ерекше алғысымды білдіремін.