ШҚТУ бірнеше кәсіпорынмен меморандумға қол қойды
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен «Ғылым және өндіріс: міндеттер, шешімдер және стратегиялар» форумы аясында бес кәсіпорынмен меморандум жасалды.
Машина жасау және металлургия саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың басын қосқан университет алаңында жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар, ғылыми зерттеу институттарының өкілдері мемлекет алдындағы ғылыми-техникалық міндеттер бойынша ұсыныстар әзірлеп, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Форум тау кен-металлургия кешенін автоматтандыру, жасанды интеллект, автокөлік жасау кластерін дамыту бағытындағы форсайт сессиялардың жұмысымен жалғасты.